Жаңалықтар

Неміс жерінде футболдан Еуропа чемпионаты басталады

Неміс жерінде футболдан Еуропа чемпионаты басталады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.06.2024 23:45 531

Бүгін түнде Мюнхен қаласында футболдан Еуропа чемпионаты басталып, алғашқы ойын Германия мен Шотландия арасында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кәрі құрлықтағы теңбіл доп додасы бір айға созылады. 14 шілдеде аяқталатын біріншілікке Еуропаның 24 құрамасы бақ сынайды. 

Чемпионат аясындағы матчтар Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында өтеді. 

Қазақстан аталған біріншіліктің іріктеу ойындарын жолдамаға сәл жетпей тоқтаты. Маңызды матчта отандастарымыз Грекияға қарсы ойында ойсырай ұтылған болатын. Егер басым түскенде Грузиямен бірге ойын өткізуі тиіс болған.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға