Жаңалықтар

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT 29.04.2024 15:50 332

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, ол 14 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.

Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов түлектерге жолдаған хатында талапкерлерге тиімді шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын. Енді олар ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік алды. Сонымен қатар бір бейінді пәндердің комбинациясын екі рет таңдауға болады, - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-ға қатысу үшін testcenter.kz сайтында тіркеуден өтуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға