Жаңалықтар

«Неге осы Димаштан ел бәле іздемейді»: Нұржан Керменбаев оқырмандарынан сын естіді

«Неге осы Димаштан ел бәле іздемейді»: Нұржан Керменбаев оқырмандарынан сын естіді
Фото: Видеодан кадр 25.12.2023 16:31 4445

Жақында ғана бейнебаян түсіріп, онда бір-бірінің қолынан ұстаған әншілер Нұржан Керменбаев пен әнші Элизат Берікова оқырман қауымнан сын естіді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған ренжіген Нұржан Керменбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, жеке өмірді емес, шығармашылықты зерттеуге шақырды.

Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да пікір жазуға болатын көп ой жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurzhan Kermenbayev (@nurzhan_kermenbayev)

Желі қолданушылары Керменбаевтың бұл жазбасына ашуланып, интрига жасауға бейім өнер иелерінің өздерін айыптады.

«Онда сен интрига жасама», «Неге осы Димаштан ел бәле іздемейді? Өздеріңді тәрбиелі, дұрыс ұстаңдар», «Халық көргенін жазады. Өсекке ілінгіңіз келмесе, мағыналы әніңіз туралы айтыңыз. Қызыл жүрекшені жандыра бермеңіз», «Бір отбасы бұзылмаса екен деп уайымдаймыз», «Танылатын ән хайпсыз да таралады. Тыныш жүру керек», - деп пікір қалдырды желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurzhan Kermenbayev (@nurzhan_kermenbayev)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға