Жаңалықтар

NEET санатындағы жастардың деректер базасы қалыптасады

NEET санатындағы жастардың деректер базасы қалыптасады
Фото: baq.kz 20.01.2023 12:35 1547

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Соның нәтижесінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы құрылды.

Ол мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, жастардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров заңдағы бірқатар ұғымды бекіту қажеттігіне тоқталды.

Заңдағы ұғымдарды заңнамалық бекіту ұсынылып отыр. Оның ішінде жастардың даму индексін, жастардың әлеуметтік қызметтері, уақытша құрылмаған жастар, жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақтарын атап кетуге болады, – деді Данияр Рамазанұлы.

Сонымен қатар вице-министр уақытша жұмысқа орналаспаған жастар туралы айта кетті.

Қазіргі таңда жұмыспен қамтылмаған, ешқандай жерде оқымайтын, бос уақыты көп, өзінің біліктілігін көтермейтін жастар бар. Оларға NEET санатындағы жастар ұғымы енгізіліп отыр. Қазақстандық әдіснамасында топтардың әрқайсында атаулы тәсілді қамтамасыз ету үшін NEET санатына жатқызуға болатын жастар тобын нақтылау көзделген, – деді Данияр Қадыров.

Жергілікті атқарушы органдарының мәліметі негізінде NEET санатындағы жастардың деректер базасы қалыптасатын болады. Оның 4 бағыты бар. Біріншісі, жұмыссыз жастар. Екіншісі, қызметке қабілетті, алайда мүмкіндігі шектеулі жастар. Үшіншіден, белсенді емес жастар. Төртіншіден, үй шаруасымен айналысатын жастар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға