Жаңалықтар

Не себепті жүн сапалы және сапасыз болады?

Жүннің сапалық қасиеттері
Не себепті жүн сапалы және сапасыз болады?
29.10.2021 20:09 11577

Негізінен жүннің сапалы болмаса сапасыз болуы әуелі қой тұқымына байланысты болып келеді. Бір ерекше атап өтерлігі, бір тұқымға жататын қойлардың жүні де сапасы тұрғысынан бірдей емес. Ол қойдың күйі мен азықтандыруына қарай жүн сапасы да өзгеріп тұрады. Доцент Мүcлім Ермековтың «Қaзaқcтaнның биязы және ұяң жүнді қой шaруaшылығы» aтты еңбегіне сүйене отырып, жүннің сапалық қасиеттері туралы жан-жақты баяндайтын боламыз.

Қазақстанның биязы жүнді қой шаруашылығы

Қазақстанда қой малы сан жағынан бірінші орын алады. Кеңес Одағының халық шаруашылығында да Қазақстандағы қой шаруашылығының маңызы зор болады. Қой мен ешкінің жалпы саны жағынан Ресей федерациясын есептемегенде, бүкіл Кеңес Одағында Қазақстан бірінші орын алады.Орта Азия республикаларында да (Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) ауылшаруашылық малдары ішінде қой мен ешкі өте үлкен орын алады. Бірақ олардын барлығының қой мен ешкісін қосқанда да, бір Қазақстандікінен аспайды.

Қой шаруашылығын бұдан әрі де өркендете беруде Қазақстанның мүмкіншілігі өте үлкен. Қазақстанның табиғи жайылымдары мен шабындықтарының азық қоры ұсақ малға аударғанда, кемінде 100 миллион бас малға толығынан жетеді. Республика жайылымының 50 проценттен (94 миллион гектар) артығы қойға қолайлы жайылым болып есептеледі.

Не себепті жүн сапалы және сапасыз болады?

Сондыктан да, мал шаруашылығы жағынан Қазақстанды Кеңес Одағының шығыстағы негізгі базасына айналдыру міндеті қойылып отыр. Қазақстанның партия, кеңес ұйымдары, сан мыңдаған колхозшылары мен совхоз жұмысшылары, ауыл шаруашылығының мамандары мен ғылым қызметкерлері бұл міндетті неғұрлым тез орындауға жұмылуда. Қазақстанда қой шаруашылығының сапасын көтеру, биязы және ұяң жүнді қойды барынша өркендету мәселелеріне де көп көңіл бөлінеді. Келешекте биязы жүнді қой шаруашылығы жағынан Қазақстан да, Украина, Батыс Сібір сияқты Кеңес елінің ірі өлкелерінің бірі болмақ.

Қазақстанда да меринос қойы ертеден өсіріліп келеді. Меринос қойының Қазақстанға алғашқы келтірілуі XIX ғасырдың аяқ кезі. Меринос қойы ең бірінші рет 1897 жылы бұрынғы Ақмола губерниясына әкелінді. Кейінірек олар бұрынғы Семей, Жетісу губерниялары мен Торғай облысының кейбір аудандарына тарады. Қазақстан жерінде меринос қойын өсіру Россия патшалығының отаршылдық саясатымен байланысты болды. Меринос қойын өсірген орыстың ірі байлары ең жақсы жерлерге келіп қоныстанды. Ол кезде өсірілген мериностар мазай қойының тұқымы еді. Мазай қойының жүні өте биязы, сапалы болғанымен, басқа өнімділігі, әсіресе еттілігі, жетілгіштігі жағынан өте төмен болды; дене құрылысының кемшіліктері де көп еді.

Ол кезде Қазақстанда меринос қойын өсіруде ешбір жоспар болмады. Олар түрлі ауруларға ұшырап, көп өлді. Әсіресе қотыр мен күл аурулары көп жайылды. Ұлы Октябрь социалистік революциясының қарсаңында Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана аздаған меринос қойы қалған еді. 1928 жылы Қазақстан қойының 97-98 проценті қылшық жүнді қазақ қойы еді. 1,5-2,5 проценттей ғана басқа қой тұқымдары болды; бірақ олар да қылшық жүнді қой болатын; тек жарты процент шамасы ғана меринос қойлары өсірілетін; онда да бұл қойлар жаңа ұйымдасқан совхоздарда ғана еді.

Қазақстанда биязы жүнді қой шаруашылығы тек кеңес үкіметі тұсында ғана өріс алды. Биязы және ұяң жүнді қой тұқымдарын өсіру мәселесіне үкімет ерекше көңіл бөліп, көп көмек берді.

Қылшық жүнді қой тұқымы биязы жүнді тұқымның қошқарларымен будандастырылды; совхоздар мен колхоздарда будандастыру жұмысы кеңінен ұйымдастырылды. Бұл жұмыс совхоздарда 1928 жылдан, колхоздарда 1932 жылдан бастап жүргізілді.

Қазақстанда қойды будандастыру жұмысын үш дәуірге бөлуге болады. 1935 жылға дейін қылшық жүнді қойларды жақсарту үшін Қазақстанға 19,0 мың бастай меринос қошқары әкелінді; бұл қошқардың көпшілігі биязы және ұяң жүнді қойды барынша өркендету мәселелеріне де көп көңіл бөлінді. Келешекте биязы жүнді қой шаруашылығы жағынан Қазақстан да, Украина, Батыс Сібір сияқты Кеңес елінің ірі өлкелерінің бірі болмақ.

Қазақстанда да меринос қойы ертеден өсіріліп келеді. Меринос қойының Қазақстанға алғашқы келтірілуі XIX ғасырдың аяқ кезі. Меринос қойы ең бірінші рет 1897 жылы бұрынғы Ақмола губерниясына әкелінді. Кейінірек олар бұрынғы Семей, Жетісу губерниялары мен Торғай облысының кейбір аудандарына тарады. Қазақстан жерінде меринос қойын өсіру Россия патшалығының отаршылық саясатымен байланысты болды. Меринос қойын өсірген орыстың ірі байлары ең жақсы жерлерге келіп қоныстанды. Ол кезде өсірілген мериностар мазай қойының тұқымы еді. Мазай қойының жүні өте биязы, сапалы болғанымен, басқа өнімділігі, әсіресе еттілігі, жетілгіштігі жағынан өте төмен болды; дене құрылысының кемшіліктері де көп еді. Ол кезде Қазақстанда меринос қойын өсіруде ешбір жоспар болмады. Олар түрлі ауруларға ұшырап, көп өлді. Әсіресе қотыр мен күл аурулары көп жайылады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының қарсаңында Қазақстанның кейбір жерлерінде ғана аздаған меринос қойы қалған еді.

1928 жылы Қазақстан қойының 97-98 проценті қылшық жүнді қазақ қойы еді. 1,5-2,5 проценттей ғана басқа қой тұқымдары болды; бірақ олар да қылшық жүнді қой болатын; тек жарты процент шамасы ғана меринос қойлары өсірілетін; онда да бұл қойлар жаңа ұйымдасқан совхоздарда ғана еді.

Қазақстанда қойды будандастыру жұмысын үш дәуірге бөлуге болады. 1935 жылға дейін қылшық жүнді қойларды жақсарту үшін Қазақстанға 19,0 мың бастай меринос қошқары әкелінді; бұл қошқардың көпшілігі Жаңакавказ мериносы болды. Мериностың жаңа тұқымына қарағанда, олардың өнімділігі, әсіресе жетілгіштігі мен еттілік қасиеті көп төмен еді.

Бұл қошқарлармен будандастыру, қазақ қойының еттілік, төзімділік және басқа қасиеттерін төмендетсе де, оның жүн сапасы жағынан үлкен өзгерісі болды. 1935 жылдың басында Қазақстанның совхоздарында биязы жүнді қой мен оның будандарының саны – 29,4 процентке жетті. Бірақ колхоз – шаруа секторында 8,8 процент шамасы ғана болды.

Бір ғана Қазақстанда емес, бүкіл Кеңес Одағында қой шаруашылығының сапасын көтеру жөнінде 1936 жыл - өзгеріс жасалған жыл болды. Сол жылдан бастап, қой малын будандастыру жұмысы Кеңес Одағының барлық жерінде бұрын болмаған қарқынмен жүргізілді. 1935-1940 жылдары Қазақстанға 44 мың бастан аса меринос қошқары әкелінді; оның 28 мың басы мериностың рамбулье, прекос сияқты жоғары өнімді тұқымдары болды. 1940 жылы меринос пен будан қойдың саны Қазақстанда 2 146,2 мың басқа жетті. Республика қойының барлық санына шаққанда, биязы және уяң жүнді қойдың мөлшері 35,1 процент болды.

Бес жылдың ішінде (1935-1940 жылдары) колхоздарда бұл қойлардың саны 12 есе артты; 1935 жылда меринос пен будан қойдың мөлшері 9 процент қана болса, 1940 жылы 29,0 процентке жетті. Сол жылдардың ішінде совхоздарда бұл қойдың саны 3 еседен артық өсті; 1935 жылы олардың мөлшері совхоздарда 929,0 процент еді. 1940 жылы 78 процент болды; былайша айтқанда, совхоз қойларының дені биязы және уяң жүнді қой тұқымы еді. Қойдың тұқымы өзгерумен байланысты, жүннің сапасы да қатты өзгерді; 1934 жылы республикада дайындалған биязы және уяң жүннің мөлшері 17,0 процент болса, 1940 жылы 54,0 проценті биязы және уяң жүн болды.

Ұлы Отан соғысының кезінде Қазақстанда биязы және уяң жүнді қойдың жалпы саны кеміген жоқ.

Колхоздар мен совхоздардың қоғамдық өнімді мал шаруашылығын өркендетудің үшжылдық жоспарына (1949-1951 жылдар) сәйкес, Қазақстан колхоздарында биязы жүнді қой мен олардың будандарының саны 1949 жылы 4 620,0 мың, 1950 жылы – 5 200,0 мың, 1951 жылы – 7 190 мың басқа жеткізілуі тиіс. Биязы жүнді қой шаруашылығы, әсіресе Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кең өріс алмақ.

Колхоздың тұқымдық қой өсіретін фермаларын әсіресе жоғары өнімді тұқымдық қой өсірілетін аудандарда ұйымдастырған жөн. Ауданда, облыста мал тұқымын асылдандыру жөнінде тұқымдық мал өсіретін мемлекеттік рассадниктердің міндеті өте зор. Сондықтан тұқымдық мал өсіретін мемлекеттік рассадниктерді ұйымдастыру жұмысына да үкімет аса көңіл бөліп отыр. Алматы облысында қазақтың биязы жүнді қой тұқымын өсіретін рассадник, Ақмола облысында жүнді-етті меринос тұқымының, Шығыс Қазақстан облысында прекос тұқымының рассадниктері ұйымдастырылады. Шу қойының мемлекеттік тұқым рассаднигінің негізгі бағыты өзгертіледі. Бұл рассадник уяң жүнді қой шаруашылығына айналдырылады.

Тұқымдық мал өсіретін мемлекеттік рассадниктер ұйымдастырылған аудандардың колхоздары қойдың өнімділігін қазіргіден едәуір арттырады. Ондай колхоздарда әрбір қойдан алынатын жүннің мөлшері 25 процент өседі. 1951 жылы тұқымдық мал өсіретін мемлекеттік рассадниктердің маңындағы колхоздардың тұқымдық қой өсіретін фермалары 8700 бас тұқымдық қошқар өсіретін болады.

Үшжылдық жоспарды орындаумен байланысты, Қазақстанның қой шаруашылығы негізінен өзгеріп, биязы және уяң жүнді қой шаруашылығы кең өріс алады. Қазақстанда биязы және уяң жүнді қой шаруашылығының өткендегі тарихы, қазіргі күйі және таяу арада өркендеуінің болашағы осындай.

Жүннің сапалық қасиеттері

Жүннің сапалы немесе сапасыз болуы, қой тұқымына байланысты. Бір тұқымға жататын қойлардың жүні де сапасы жағынан біркелкі болмайды. Қойдың күйіне, азықтандыру жағдайына байланысты, жүннің сапасы да өзгеріп отырады. Бұл жөнде әрбір жеке қойдың да өзгешеліктері болады. Сондықтан қой шаруашылығында сұрыптау жұмысын жүргізгенде, әрбір қойдың жүні жеке-жеке еске алынады. Жүн дайындайтын орындар да әр қойдан түскен жүнді, сапасына байланысты жеке-жеке бағалайды.

Жүннің сапасын айыру үшін, оның негізгі қасиеттерін (белгілерін) білу қажет. Ал соңғы кезде уяң жүннің өзін екі түрге бөліп жүр. Кейбір қойдың жүнінде жуан қылшық кездеспейді; ондай қойдың жүні тек қана түбіттен және аралық қылшықтан құралады; түбіті ірілеу (жуандау) келеді, аралық қылшығы нәзік (жіңішке) болады; ондай жүн кейде ірілеу келген бір ғана түбіттің өзінен де құралады. Осындай жүн - уяң жүннің бір түріне жатады. Мұны орыс тілінде жартылай жіңішке жүн (полутонкая) деп атайды.

Брадфорд жіктеуімен алғанда, мұндай жүннің жуандығы 58-сападан жоғары болмайды. Жартылай жіңішке жүн тез жетілгіш етті қойдан, цыгай, куйбышев қойларынан түседі, Қылшық жүнді қойларды биязы және уяң жүнді қошқармен будандастырудан туатын будан қойлардың бірқатары да жартылай жіңішке жүн береді.

Не себепті жүн сапалы және сапасыз болады?

Қазақстанда шығарылып жатқан қойдың жаңа тұқымдарының да кейбіреулері осы түрге жататын уяң жүн береді (мысалы, дегерес қойы, уяң жүнді тез жетілгіш қой тұқымы, ұзын жүнді прекос будандары). Уяң жүннің екінші түрін жартылай қылшықты жүн (полугрубая) деп атайды. Бұған жататын жүн әрдайым біркелкі болмайды; оның ішінде түбіт пен аралық қылшықтан басқа жай қылшық та кездеседі. Қылшығы болса да, мұндай жүннің уяң жүнге жататын себебі, бұл жүн бірқатар қасиеттері жағынан қылшық жүнді қой тұқымдарының жүнінен едәуір артық болып саналады. Қылшық жүнді қойдың жүнінен жартылай қылшықты жүннің айырмашылығы – бұл жүннің түбіті көп, қылшығы әрі аз, әрі нәзік келеді. Жалпы алғанда, негізгі қасиеттері жағынан жартылай қылшықты жүн, сапасы жағынан одан едәуір төмен болып есептеледі.

Қылшық жүнді қойды биязы жүнді қошқарлармен будандастырғанда туатын бірінші және екінші ұрпақтардың көпшілігі осындай уяң жүн береді (3-4 класс жүні).

Биязы және уяң жүннің сапалық қасиеттері. Биязы жүн тек бір ғана түбіттен құралады; сондықтан оның сырт құрылысы да басқаша болып көрінеді. Биязы жүнді қойдың жүні бірнеше ұсақ түпке бөлінеді. Жүннің ондай әрбір жеке түбін орыс тілінде штапель деп атайды. Қырқылмаған қойдың жүнін мұқият қарасаңыз, әрбір штапельдің арасы жіктеліп тұрады; екі штапельдің арасындағы теріге жүн шықпайды; сырттан қарағанда, терінің ол жері жүннің шекарасын айырып тұрған жай бір сызық секілді болып көрінеді. Штапельдің бітіс формасына қарай, жүннің сапалық қасиеттерін айырады. Жүннің сирек немесе қоюлығын да, штапельдің құрылысына қарап білуге, болады.

Қойдан жүнді мол алу жөнінде жүннің тығыз болып бітуінің маңызы өте зор. Жүннің тығыз болуы бір штапельдің ішіндегі қылшықтың санына байланысты. Жүннің тығыздығын білу үшін жүннің арасындағы тері бөлігінің жалпақ-жіңішкелігін айыру керек. Жүн бөлшектерінің арасы неғұрлым бірімен-бірі біріге бітіп, тығызданып тұрса, жүннің соғұрлым қою өскендігін көрсетеді. Жүннің сирек немесе тығыздығын қойды сұрыптағанда, қолмен басып білуге де болады.

Қой жүнінен тоқылатын кездеменің сапасы жүннің техникалық қасиеттерімен байланысты. Жүннің негізгі техникалық қасиеттеріне жататын, оның өзгешеліктері болады; ол мынау: жүн қылшығының бір-бірімен шамаластығы, бұйралығы, жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, мықтылығы, созылмалығы, серппелілігі, жұмсақтығы, жылтырлығы (ажары), дымыққыштығы және таза жүн түсім мөлшері.

Жүн қылшықтарының бір-бірімен шамаластығы. Жүннің ішінде кездесетін әртүрлі қылшықтардың қайсысы көп, қайсысы аз екендігін айырып, ол жүннің жалпы сапасын, сортын анықтайды. Қылшықтың бір-бірімен шамаластығын жай көзбен айыруға да болады. Әрбір қылшық түрінің мөлшерін дәл анықтау үшін лабораториялық зерттеудің әдістерін қолдануға тура келеді.

Жүннің бұйралығы. Қой жүні тура өспейді. Жүннің қай түрлі қылшығы болса да, иретіліп өседі. Тек тікенек қылшық қана мұндай болмайды. Жүн неғұрлым жіңішке болған сайын, оның бұйрасы, иректігі соғұрлым артық келеді. Ең бұйрасы, иректілігі көп болатын түбіт жүні. Меринос жүнінің әрбір сантиметр ұзындығында 10-12 ирекке дейін болады. Иректерінің, бұйраларының аз-көптігіне қарай, жүннің жуан-жіңішкелігін де айыруға болады. Бірақ бұл әдіспен жүннің сапасын айыру әрдайым дұрыс бола бермейді. Сондықтан бұл әдіс осы кезде көп қолданылмайды.

Бұйралығы жақсы жүн оңай созылады; өзінің еркіне жіберсеңіз, жиырылып бұрынғы қалпына қайта түседі. Сондықтан ондай жүннен тоқылған кездемелер өте жоғары бағаланады.

Биязы жүнді қой тұқымының жүніндегі түбіттің бұйрасы біркелкі және жақсы болады; сондықтан олардың жүні тығыздалып, бөлек-бөлек түр болып бітеді. Штапель құрылысымен біткен жүн тығыз болады; сондықтан оның ішінде шаң-топырақ, қорда-қиқым немесе басқа түрлі былғаныш заттар кірмейді. Ондай жүн ауаның дымын да көп таратпайды. Штапельденіп біткен жүн иленбейді, иректілігі, бұйралығы біркелкі болады; жүннің қасиеттерін жақсы сақтайды.

Жүннің жуан-жіңішкелігі. Жүннің техникалық қасиеттерінің ішіндегі ең маңыздысы, оның жуан-жіңішкелігі болады. Өйткені жүн қасиеттерінің көпшілігінің жоғары немесе төмен болуы, сол жүннің жуан немесе жіңішке болуымен байланысты келеді.

Жүннің жуан-жіңішкелігі, біріншіден, қойдың тұқымына байланысты. Ал бір тұқымдас қойдың ішінде, қойдың ұрғашы-еркектігіне және жасына байланысты болады. Жүннің бұл қасиеті жөнінде де әрбір қойдың өзіне тән өзгешелігі болуы да мүмкін. Мысалы, бір тұқымға жататын екі қойдың жасы, жынысы тағы басқа жақтарынан да айырмашылығы болмағанымен, екеуінің жүнінің жіңішкелігі бірдей болмауы мүмкін. Бұлай болу, олардың әрқайсысының жеке өз басының өзгешелігіне байланысты.

Бір тұқымға жататын қойларды алсақ, олардың ішінде көбінесе ұрғашыларының жүні жіңішкерек келеді; жасы жағынан алғанда, ең биязысы тоқты жүні болады.

Жүннің жуан-жіңішкелігіне, қойдың азықтандырылу жағдайы өте үлкен әсер етеді. Кейбір қойдың жүнінің бір жері жуан, бір жері өте жіңішке болып, бунақтанып тұрады. Жүннің кейбір жерінің жіңішкеруі, қойдың сол мезгілде ашыққандығын көрсетеді. Жүн дұрыс жетілу үшін, оның ішкі тамырларына қан жүйесі арқылы қоректі заттар жеткілікті дәрежеде барып тұруы қажет. Қой жөнді азықтанбағандықтан, жүні бірқалыпты өспейді.Қойдың ашыққандығынан жіңішкерген жүні құнсыз болады; өйткені ол фабрикаға түскенде, жіңішкерген жерінен үзіліп, қысқарып қалады; сонымен байланысты беріктігі де нашар болады.

Жүннің жуан-жіңішкелігі, басынан аяғына дейін бірдей болуы үшін, қойды жыл бойы бірқалыпты жақсы азықтандыру керек. Қойдың буаз болуы, әсіресе, қоздауға жақындаған мезгілі, қозыны емізуі, міне осының бәрі де жүннің сапасына, оның ішінде жуан-жіңішкелігіне де үлкен әсер етеді. Сондықтан қойдың организміне ауыршылық келетін осындай мезгілдерде қойға азықты мол беру қажет.

Қойға бітетін жүннің жуан-жіңішкелігі де барлық денесінде бірдей болмайды. Өйткені қойдың әр жерінің терісінің қалыңдығы да бірдей емес. Меринос қойының ең жіңішке жүні қарнына, ең жуаны санына, басына, сирақтарына шығады. Сондықтан фабрикада әрбір қойдың жүнін бірнешеге бөліп, сорттайды.

Жүннің орта есеппен жуан-жіңішкелігі, сол жүннің ішінде кездесетін қылшықтардың түріне және олардың бір-бірімен шамаластығына, біркелкілігіне байланысты болады. Биязы жүнді қойдың әрбір қылшығының жуандығы, сол жүннің орта есептегі жалпы жуандығынан көп айырмашылығы болмайды. Мысалы, бір меринос қойының жүнінің жуандығы, орта есеппен 20 микрон болса, сол жүннің әрбір қылшығының жуандығы да сол 20 микронға жақын болып шығады. Ұяң жүннің кейбір жалпы орта есептегі жуандығы әрбір қылшығының жуандығына сәйкес келмейді. Мысалы, зерттелген жүннің ішінде қылшықтың үш түрі кездесті: түбіт, оның жуандығы 12 микрон; аралық қылшық, оның жуандығы 26 микрон, жай қылшық, оның жуандығы 48-50 микрон шамасы болды. Бұл жүннің ішінде мөлшері жағынан ең көбі түбіт болды; ол басқа қылшықтардан көп жіңішке, сол себепті бұл жүннің жалпы орта есептегі жуандығы 28-30 микрон шамасы болуға тиіс. Сондықтан қылшық араласқан жүннің жалпы жуандығы оның ішінде кездесетін қылшықтардың әрқайсысының жуандығына дәл келмейді; көбінесе қылшықтардың бір-бірімен шамаластығына, түбіттің аз-көптігіне байланысты болады.

Ұяң жүндегі, әсіресе қылшық жүнді қойлардың жүніндегі, түбіт жіңішкелігі мен басқа түрлі қасиеттері жағынан да меринос жүнінен ешбір кем емес.Бірақ қылшық араласқандықтан, ол қойдың жүні әлдеқайда төмен бағаланады. Қой жүнінің жуандығы микронмен есептеледі. Микрон деп милиметрдің мыңнан бір бөлігін айтады. Қой жүнінің жуандығы, оның ішіне кіретін қылшық түрлеріне байланысты. 10-12 микроны 150-200 микронға дейін барады.

Ең жіңішке жүннің жуандығы 10-14 микрон шамасы болады. Мұндай жіңішке жүнге жататын: қойдың тағы тұқымдарының түбіті (архар, муфлон), кейбір қылшық жүнді қой тұқымының түбіті (қазақ қойлары), мериностың ескі түрлерінің жүні (электораль тағы басқалары) болып саналады.

Жуандығы 15-25 микрон келетін жүн де биязы жүн болып саналады. Мұндай жүнге жататын: биязы жүнді қой тұқымының осы кездегі түрлерінің жүні және биязы жүнді тұқым мен қылшық жүнді қойдың араласуынан шыққан кейбір будандардың жүні болады. Қылшық жүнді қой тұқымының кейбіреуінің түбітінің жуандығы да осы шамаға келеді.

Жуандығы 26-40 микрон келетін жүн, бұл қасиеті жағынан орташа болып саналады. Мұндай жүнге жататын: кавказ, волош қойларының жүні, қылшық жүнді қойлардың түбіті мен аралық қылшығы, цыгай қойының жүні, қылшық жүнді қойдың, биязы және ұяң жүнді қой тұқымымен шағылыстырудан алынған буданның көпшілігінің жүні (түбіті мен аралық қылшығы) болады. Тез жетілгіш етті (ағылшын) қойлардың жүні де, жуандығы жағынан осы шамада болады; тек линкольон қойының жүні бұл шамадан артығырақ келеді.   Жуандығы 41-60 микрон шамасындағы жүн – қылшық жүн болып есептеледі. Мұндай жүнге жататын: қылшық жүнді қой тұқымының жай қылшығы, тікенек қылшығы және кейбір өлі қылшықтары; тез жетілгіш етті қой тұқымының (ағылшынның ұзын жүнді қойы) жуан қылшықтары болады.

Жуандығы 60-150 микрон немесе одан да артық келетін жүнге қылшық жүнді қой тұқымының өте жуан қылшықтары жатады. Қой жүнінің жуан-жіңішкелік қасиеті, жүн кәсібі өндірісінде, әсіресе жүннен тоқылатын заттардың шығымы жөнінде аса үлкен маңызды орын алады. Тиісті сапалы кездемелер тоқудан бұрын, жүн машинадан өткізіліп, таралып, түтіліп иіріледі. Жүн неғұрлым жіңішке және жуандығы біркелкі болып келсе, ондай жүн иіргенде артық шығады; кездемеге де жүн аз кетеді; ол кездеменің сапасы да артық болады.

Жүннің нақты жуандығын микроскоп арқылы да өлшеп біледі. Микроскоптың жоғары жақ (окулярының) ішіне жүн өлшейтін аспап (микрометр) салынады. Микрометр дегеніміз бетінде сызықтары бар кішкентай ғана дөңгелек шыны болады. Жүнді қайшымен қырқады; онан соң 50 немесе 100 қылшықтың орта есептегі жуандығын микронмен есептеп шығарады.

Шаруашылық жағдайында қой сұрыптағанда немесе жүн сорттағанда, жүннің жуандығын мамандар ешбір аспапсыз-ақ жай көзбен ғана айырады. Бұл үшін тек тәжірибе жүзінде жаттығу қажет.

Қазіргі уақытта қой шаруашылығында (жүн дайындау орындарында да) жүннің жуан-жіңішкелігін айыру үшін бір ғана система қолданылады, ол брадфорд системасы яғни брадфорд жіктеуі. Бұл система біркелкі биязы немесе біркелкі ұяң жүн үшін қолданылады.

Қазірде өсірілетін биязы жүнді қой тұқымының жүнінің брадфордтық сапасы көбінесе 60,64 болып келеді. Жүнді-етті тұқымға жататын меринос қойында 70-80 сапалы жүн де кездесе береді. Жоғары сапалы мұндай жүн қазақтың архар-меринос қойында көбірек кездеседі.

Қой сұрыптаған уақытта, оның жүнінің брадфордтық сапасын жай көзбен жаңылмай дұрыс айыру үшін, әуелі ол жүннің жуандығын микрон есебімен мөлшерлейді. Жүннің жуандығы жай көзбен белгіленеді.Тәжірибесі мол, қой сұрыптауға әбден машықтанған мамандар бұл жөнде жаңылыса қоймайды. Алғашқы кезде жүннің жуандығын айыру жөнінде, қашан көз үйреніп жаттыққанша, жүннің стандарттық эталондарын қолданған жөн. Эталондағы (үлгі үшін жасалған) жүннің әрбір класының жуандығы күнбұрын анық белгіленген болады. Ол жүннің жуандығы фабрикада немесе ғылым-зерттеу мекемелерінде анықталады.

Жүннің ұзындығы. Жүн өнеркәсібіне жүннің ұзын-қысқалығының да маңызы өте зор. Жүннен түрлі кездеме тоқу шартына қарай фабрикаларда жүн шуғалық және камвольдық болып екі түрге бөлінеді. Шуға фабрикаларында ұзындығы 4-5 сантиметрден қысқа келетін жүн пайдаланылады. Ондай жүннен шуға және трикотаж заттары тоқылады. Ұзындығы одан артық біркелкі жүн камвольдық фабрикаға түседі. Ең керекті және сапалы кездемелер де осы фабрикадан тоқылады. Түксіз, беті біртегіс кездемелер де осы фабрикадан шығады.

Мұнымен қатар, жүннің ұзындығының шаруашылық маңызы да үлкен. Өйткені қойдан түсетін жүннің жалпы мөлшері, оның жуандығымен де байланысты. Мысалы, жүнінің тығыздығы бірдей болып келген екі қойдың қайсысының жүні ұзын болса, сонысы жүнді артық береді. Жалпы алғанда ең қысқасы меринос қойының жүні. Бұлардың жүнінің ұзындығы көбінесе 5-9 см шамасында болады.

Ұяң жүнді қой тұқымының кейбіреуінің жүні өте ұзын келеді. Мысалы, линкольн қойының жүнінің ұзындығы 30-40 сантиметрге дейін барады. Біздің елімізде соңғы кезде шығарылған қойдың жаңа тұқымдарының ішінде жүні ұзын келетін дегерес қойы мен күйбышев қойы. Дегерес қойының жүнінің ұзындығы орта есеппен 12-14 см болады. Бұл тұқымның ішінде жүнінің ұзындығы 20 сантиметрге дейін жететін қойлар да аз емес. Күйбышев қойының жүнінің ұзындығы 12 сантиметрден 25 сантиметрге дейін жетеді.

Қазақстанда жаңа тұқым болып шығарылып жатқан прекос қойының етті-жүнді будандарының жүні де ұзын, салалы келеді; бұлардың ұзындығы 10-11 сантиметр шамасында болады.

Ең ұзыны қылшық жүнді қойдың жүні. Жүні ұзын болғандықтан олар жылына екі рет қырқылады. Бұлардың жазғытұрымғы жабағы жүнінің ұзындығы 7-20 см, кейде 25 сантиметрге дейін жетеді. Күзем жүнінің ұзындығы 10-15 см шамасында болады. Әсіресе жүні ұзын келетін түркмен қойының тұқымы (сараджы қойы).

Жүннің жуан-жіңішкелігі секілді, жүннің ұзындығы да қойдың тұқымына, жасына, ұрғашы-еркектігіне, жеке басының өзгешеліктеріне байланысты. Жүннің ұзындығына әсіресе үлкен әсер ететін қойды азықтандыру жағдайы. Қой жақсы азықтандырылмаса, жүн бірқалыпты өспейді. Жүннің бірқалыпты өсуін тоқтатпау үшін, әсіресе қыстыгүні қойды жеткілікті азықтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.

Қой дұрыс азықтандырылмай, қыстан күйсіз шығатын болса, қырқар кезде жүні қысқа болады, шаруашылықтар қойынан тиісінше жүн ала алмай қалады.

Жүннің мықтылығы, созымдылығы, серіппелілігі, жұмсақтығы, ажары. Жүннің бұл қасиеттерінің де сапалы кездеме тоқу жөнінде үлкен маңызы бар. Әсіресе жүннің мықты болуының маңызы өте үлкен. Әсіресе жүннің мықты болуының маңызы өте үлкен. Жүннің мықты болуы, көбінесе, оның қылшықтарының жуан-жіңішкелігіне байланысты; жүн жуандаған сайын, оның мықтылығы кеми береді. Ең мықты болатын меринос пен кейбір ұяң жүнді қой тұқымдарының жүні. Жүні мықты болу үшін қойдың дені сау болуы керек. Ауру қойдың жүні мықты болмайды. Ұзақ мезгіл аш болған қойдың жүні әр жерден бунақтала жіңішкереді; қатты тартқанда жіңішкерген жерінен үзіліп кетеді. Сақтау жағдайы келіспесе, қырқылған жүннің мықтылығы төмендеп кетеді. Сондықтан жүннің мықтылығын сақтауға тиісінше көңіл бөлу керек. Жүн мықты болса ғана одан тоқылатын кездеме берік болады, көп киіс береді.

Қойды сұрыптағанда немесе жүн сорттағанда, жүннің мықтылығын білу үшін кішірек бөлек жүнді жеке алады; екі ұшынан екі қолмен ұстап тартады. Жүннің үзілуіне жұмсалатын күшке қарай оның мықтылығын шамалауға болады.

Меринос жүнінің мықтылығын, жүнінің дыбысына қарап та айыруға болады. Бір бөлек жүнді қолға алып созып тұрып, оң қолдың саусақтарымен жүннің орта шенінен домбыраның ішегіндей етіп, бірнеше рет жылдам-жылдам шерту керек; сонда жүн домбыраның ішегіндей дыбыс береді. Мықты жүннің дыбысы ашық болып, қатты шығады; ал мықтылығы нашар жүннің дыбысы күңгірттеніп, ақырын ғана шығады.

Жүннің созымдылық қасиеті де жүннің мықтылығына байланысты болады. Жүн мықты болған сайын созылғыш, ұзарғыш келеді. Киімнің көп киіс беруі үшін жүннің бұл қасиетінің де үлкен маңызы бар. Жүннің мықтылық, созымдылық қасиеттерін нағыз дұрыс білу үшін динамометр дейтін аспап қолданылады. Ондай аспап арнаулы зерттеумен байланысты лаборатория жағдайында ғана пайдаланылады.

Жіңішке, биязы жүннің үлкен қасиетінің бірі – оны қолмен қысып, қалыпты қалпын бұзып, онан соң қолды алып, жүндібос қойса, жүн серпіліп өзінің алғашқы қалпына қайта келеді.

Серіппелілігі жеткіліксіз жүн, уысқа қысып тұрып қоя бергенде, қалпына қайта келмей, иленіп қалады. Жүннен жасалатын заттардың жақсы сапалы болуына жүннің бұл қасиетінің маңызы өте зор. Серіппелі жүннен жасалған киім иленбейді, өзінің алғашқы қалпын өзгертпей, көп уақытқа дейін сақтайды. Серіппелілігі нашар жүннен тоқылған кездеме, ондай қасиеті болмағандықтан иленгіш болады; ондай кездемеден тігілген киімдердің әр жері қалталана береді.

Кездеменің қолға ұстағанда жұмсақ болуы да, жүннің биязылығына байланысты.

Кездеменің өңді болуы жүннің ажарымен байланысты. Жүннің кейбір сорттары өңсіз, ажарсыз келеді. Ондай жүннің жылтырағы болмайды. Ажарлы жүн жылтырап, реңікті көрінеді. Жүннің жылтырының ашық немесе нашар болуы қойдың тұқымына байланысты. Әсіресе тез жетілгіш ұзын жүнді қойдың (линкольн, ромни-марш) жүні жып-жылтыр болады. Меринос жүнінің жылтырағы да жаман емес. Бастон сияқты камвольдық материал көбінесе осындай жылтырағы жақсы жүннен тоқылады. Жүннің ажарлы болуы, қойдың күйімен де байланысты. Қыстан арық шыққан немесе ауырған қойдың жүні қашанда ажарсыз келеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға