«Не деген сұмдық»: Таразда аутизмі бар баланы ұйықтату үшін қол-аяғын байлап қойған

«Не деген сұмдық»: Таразда аутизмі бар баланы ұйықтату үшін қол-аяғын байлап қойған
Фото: Видеодан кадр AI арқылы өңделді

Әлеуметтік желіде ерекше қажеттілігі бар баланың балабақшадағы жағдайына қатысты видео тарады. Баланың әпкесі Ару Омарбектің айтуынша, тәрбиешілер оның сөйлей алмайтын інісінің аяқ-қолын байлап, ұйықтатпақ болған.

Оқиға қалай болған?

Ару Омарбек әлеуметтік желідегі жазбасында баланың аутизм диагнозы бар екенін және сөйлей алмайтынын айтқан.

Сөйлей алмайтын, диагнозы бар інімнің қолы мен аяғын байлап, ұйықтатпақ болған. Бұл – Тараз қаласындағы «Нұрлы болашақ» түзету балабақшасында болған жағдай. Бұған дейін де бір тәрбиеші інімді ұрған еді. Енді тағы бір тәрбиеші оның қол-аяғын байлаған. Бұл не деген сұмдық? Балаға бірдеңе болып, құлап немесе жарақат алып қалса, кім жауап береді? – деп жазды ол.

Оның кейінгі жазбасында баланың басы жарылып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқаны айтылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АРЫҚТАУ МАРАФОНЫ | БЛОГ | ПСИХОЛОГИЯ (@aruomarbek08)

Баланың басы жарылып, қазір жедел жәрдеммен кетіп бара жатыр. Осыдан кейін қалай сенесің? – деді ол.

Ару Омарбек тағы бір жазбасында баланы «мал сияқты» байлап қойғанын айтып, бұған жауапты адамдардың әрекетіне наразылық білдірді.

Балабақша пікірі

Ал видеода балабақша өкілі жағдайға қатысты өз нұсқасын айтқан. Оның сөзінше, мекемеде өзін-өзі жарақаттайтын балалар бар.

Өзін-өзі ұратын балалар бар. Мен жиналыстан енді келдім. Жас тәрбиешілер қапты, – дейді видеода балабақша өкілі.

Осылайша, тараптардың айтқаны бір-біріне қайшы болып отыр. Баланың туыстары тәрбиешілердің әрекетіне шағымданса, балабақша өкілі мекемеде ерекше балалармен жұмыс істейтін жас тәрбиешілердің жағдайын айтып отыр.

Оқиғаның нақты мән-жайын, баланың жарақатын және оны кімнің қалай алғанын тиісті органдар анықтауы қажет. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі жарияланымдарда айтылған мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін алты жастағы бала пышақ кезенгенін жазғанбыз. 

Оқи отырыңыз