Жаңалықтар

Назым Қызайбай лицензиялық турнирді сәтті бастады

Назым Қызайбай лицензиялық турнирді сәтті бастады
Фото: ҚР ҰОК 25.05.2024 22:11 562

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында басталған Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Назым Қызайбай бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен Назым бірінші айналымда словакиялық Николь Дуриковадан басым түсті. Қызайбай кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Содан соң төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс Назым Қызайбайға берілді.

Айта кетейік, Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестірілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға