Жаңалықтар

Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады

Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz 27.09.2023 13:00 511

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан отандасымыз Назым Қызайбай алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі дүркін әлем чемпионы 51 келіде непалдық Таманг Сусмамен кездесті. Төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді Назым келесі айналымда Йесуген Оюнцетцегпен (Моңғолия) жолығады.

Бұған дейін әйелдерден 66 келідегі Наталья Богданова Сауд Арабиясы спортшысынан басым түскен.

Бүгін сонымен қатар Сағындық Тоғамбай (92 келі) мен Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) шаршы алаңға шығады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға