Жаңалықтар

Назарбаевтың ескерткіштерін алып тастау керек – Болат Әбілов

Назарбаевтың ескерткіштерін алып тастау керек – Болат Әбілов
Фото: Әлеуметтік желіден 15.01.2024 12:44 1519

Қазақстандық кәсіпкер, саясаткер Болат Әбілов тұңғыш президентке қойылған ескерткіштердің бәрін алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің құрметі ескерткіш орнатылатыны белгілі болды. Саяси тұлғаның 80 жылдығына орай берілген аста меценат Болат Әбілов сөз сөйлеп, бұл бастамаға қолдауын білдірді. Одан бөлек тұңғыш президентке орнатылған ескерткіштерді алып тастау керектігін айтты.

Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қойылатынын естіп шын қуандық, өте жақсы жаңалық. Енді Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіштердің бәрін сүріп тастауды ұсынамын. Олардың орнына Дінмұхамед Қонаев, Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев секілді еліне шын еңбегі сіңген азаматтарға, алашордалықтарға ескерткіш орнатайық. Тарихты, өмірді ешкім алдай алмайды. Ондаған жыл бұрын ғана ел билеген Ленин, Сталиннің ескерткіштері қазір қоқыста жатыр. Назарбаевтың да ескерткіштерін сондай тағдыр күтіп тұр, - деді Болат Әбілов.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алаңында тұрған ескерткіші алынған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға