Жаңалықтар

Назарбаевтың екінші әйелі Алматыдағы театрды сатылымға шығарды

Назарбаевтың екінші әйелі Алматыдағы театрды сатылымға шығарды
Фото: Коллаж El.kz 01.02.2024 14:30 14070

Бірқатар БАҚ Алматыда балет және хореография өнерін белсенді қолдайтын Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі үшін салынған театрдың сатылымға шығарылғаны жөнінде жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Театр 2022 жылы жергілікті жұлдыздардың басын қосып, ашылу салтанатын өткізген. Содан бері Алматы театры «өз қызметін тиімді құрғаны сонша, бұл орынды мәдениет пен өнерді дамыту орталығы деп атауға болады» делінген сайт мәліметінде. Бір жыл тоғыз ай бойы театрда қазақстандық және шетелдік әртістердің гастрольдік сапарлары өтті.

Кешен жеке адамның қаражатына, дәлірек айтсақ, Орталық Азия мәдениет пен өнерді қолдау қоры есебінен салынғаны белгілі. Бұл іске Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаева мен қор директоры Диана Заированың қатысы бары анықталған болатын. Қазір Алматы театрының бірінші директоры – Шалбаев Ерсұлтан Мырзаханұлы. Kompra сервисіндегі ақпарат бойынша ол 25 жаста. Театр Алматының орталығындағы әл-Фараби даңғылында, Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан.

Енді аталмыш қордың өнер ордасына деген қызығушылығы жоғалып, жоспарға енгізілген қаржыландыру көлемі қысқартылды. Театрда қатаң тексеру жүріп жатыр деген ақпарат тарады.

Аумағы 14 мың шаршы метрге жуық нысанды «Базис-А» корпорациясы салған. Алматыдағы жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауын ескерсек, қазір театр бағасы Алматының ең беделді аудандарының бірінде орналасқан жер теліміне байланысты, әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Krisha.kz сайтындағы қазіргі жарнамаларды қарасаңыз, қарама-қарсы учаскелер екі есе қымбаттап кеткен. 2022 жылдың мамыр айында олар 900 млн және 1,2 млрд теңге сұраса, қазір сәйкесінше 1,8 млрд теңге және 2,5 млрд теңге сұраған. Демек, Алматы театры сатылса, құны әлдеқайда қымбат болады. Алматыдағы жаңа театрдың жобасын Башир конструкторлық бюросы, сәулетші Алексей Ивженко жасаған.

Әсел Құрманбаева Алматыда туып, Талдықорғанда өскен. Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет былтыр 1 желтоқсанында сатылымға шыққан кітабында ол туралы ресми мәлімдеген еді.

Мұсылмандық салт бойынша үйлендік. Әсел маған екі бала – екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді, - деп жазған экс-президент.

Әсел Алматы хореографиялық училищесін бітірген, сондықтан оның балетке деген сүйіспеншілігі жоғары болды. Кейінірек ол Astana Ballet командасын құруды бастады және топтың хореографиялық бағытын дамытудың негізгі тұжырымдамасының авторы атанды, сонымен қатар дарынды бишілерге қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға