Жаңалықтар

Назарбаевты қорлағаны үшін енді айыппұл салынбай ма? Депутат жауабы

Назарбаевты қорлағаны үшін енді айыппұл салынбай ма? Депутат жауабы
Фото: t.me/mazhilis_kz 31.05.2023 14:55 512

Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева Тұңғыш Президенттің ар-намысына тигені үшін қылмыстық қудалауды және 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейтін баптардың Қылмыстық кодекстен неліктен алынып тасталатынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.

Снежанна Имашева активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының пакетін қабылдау барысында Қылмыстық кодекстің 373 және 374-баптар алынып тасталатынын түсіндірді.

Осылайша, Қылмыстық кодексте бұдан былай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бейнесін бүлдіру; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да бір нысанда ықпал ету» баптары алынып тасталады.

Бұл Конституция қабылдаған түзету аясында жүзеге асырылуда, қазір Конституцияда Елбасы мен оның өкілеттіктері туралы айтылмаған, сондықтан бұл баптар Қылмыстық кодексте қажет емес. Өйткені Елбасының мәртебесі деген жоқ, сондықтан қылмыстық жауапкершілік енді қажет емес және қолданылмайды, бұрын қолданылмаған, - деп түсіндірді Имашева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға