Жаңалықтар

"Назарбаев Зияткерлік мектептеріне" жаңа басшы тағайындалды

"Назарбаев Зияткерлік мектептеріне" жаңа басшы тағайындалды
Фото: bolashak.gov.kz 06.03.2023 12:16 578

Әнуар Жанғозин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы басқарма төрағасының өзі Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын», - деп жазды ол.

Бұған дейін Әнуар Жанғозин "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығын басқарған болатын.
 
Ал "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы қызметін 2019 жылдан бері Күляш Шәмшидинова атқарып келді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға