Жаңалықтар

Назарбаев университетінің келешегі қандай? Министр жауап берді

Назарбаев университетінің келешегі қандай? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.05.2024 14:08 1567

Үкіметтің баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен Назарбаев университетінің келешегіне қатысты мәселе барын айтып, министрдің өзінен тікелей сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші: «Назарбаев университетінің бұрынғы президенті Катсу Шигео жақында оқу орынның академиялық еркіндігіне, автономиясына қауіп төніп тұрғанын айтты. Бұл сөз нені білдіреді? Оқу орынның келешегі не болмақ?» деп сұрады.

Аталған мәселеге қатысты Саясат Нұрбек қазіргі таңда Үкімет және министрлік тарапынан Назарбаев университетінің әлеуетін және академиялық автономиялық дербестігін сақтап қалу үшін барлық шаралар мен әрекеттер жасалып келе жатқанын атап өтті.

Назарбаев университетін қаржыландыру, академиялық сұрақтар Үкімет тарапынан ешқандай шектеу немесе тоқтату болмайды. Сондай-ақ қазіргі таңда жаңа президентін сайлау және іріктеу процесі жалғасуда. Мен өзім бірнеше кандидаттармен сөйлесіп, сұхбат жүргіздім. Өте мықты халықаралық Абу-Даби университетінің бұрынғы басшылары, канадалық, америкалық, британдық оқу орындарының басшыларымен сөйлесіп жатырмыз. Жақын арада жаңа президенті тағайындалады, – деді министр.

Саясат Нұрбек университетке өте тәжірибелі мықты маман ізделіп жатқанын айтты.

Бүгінгі таңдағы мақсат – Назарбаев университетінің әлеуетін көтеру. Әсіресе, зерттеу бағыты бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мүмкін бірнеше тиімсіз бағыттар жабылуы мүмкін. Десе де, негізгі қолдау ешқашан үзілмейді. Қазіргі таңда тұңғыш және жалғыз толыққанды халықаралық стандарттарға сай зерттеуші оқу орны – бұл Назарбаев университеті. Жақында шыққан  Times Higher Education атақты халықаралық рейтингі бойынша Қазақстан Азия бойынша жас университеттер арасында бірінші орында тұрмыз, – деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға