Жаңалықтар

Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін жеткізді
Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады
Фото: AP Photo 21.11.2022 09:25 1140
Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
"Сізді Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі", - делінген құттықтауда.
Сонымен қатар бұрынғы президент Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін жеткізді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға