Жаңалықтар

Назарбаев саябағындағы "тылсымның" не екені анықталды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі ерекше құбылыстың себебін түсіндіріп өтті.
Назарбаев саябағындағы "тылсымның" не екені анықталды
Фото: дереккөз 14.10.2022 02:45 1131

Қазнет пайдаланушылары Алматыдаң Тұңғыш Президент саябағында түсірілген бейнероликпен бөлісуде, деп хабарлайды EL.KZ. 

Онда 10-11 қазанға қараған түні ағаштардың бір бөлігіне мұз қатқан, қалғаны өзгермегені көрсетілген. Пайдаланушылар мұны аномалия деп санайды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі ерекше құбылыстың себебін түсіндіріп өтті.

Саябақтың қызмет көрсету ұйымының мәліметі бойынша, түнде суару жүйесі бұзылып, ағаштарға су шашыраған. Таңертең ауа райына байланысты ағаштарға мұз қатқан. Қазіргі кезде суару жүйесі қалпына келтірілді, – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, видеода ерекше және тылсым жағдай көрсетілмеген. Мұның себебі – суару жүйесінің бұзылуына байланысты ағаштарға шашыраған су.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға