Жаңалықтар

Назарбаев мектептерінің атауы өзгере ме? Министр жауап берді

Назарбаев мектептерінің атауы өзгере ме? Министр жауап берді
Фото: nis.edu.kz 03.11.2023 09:42 2793

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауын өзгерту туралы мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, Назарбаев мектептерінің атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.

Министр НЗМ оқу ордасы ретінде өзінің өміршеңдігін көрсеткенін және көптеген оң нәтижелері бар екенін атап өтті.

Қайта құру өте қиын. Сондықтан бұл мәселені әлі де зерттеп, дұрыс шешім қабылдаймыз. Менің ойымша, эмоцияға негізделген шешім қабылдамау қажет, – деді министр.

Айта кетейік, қазір бұл ұйымның қамқоршылық кеңесі ауысып жатыр. Министр кеңесте мектептердің атауын өзгерту және қаржыландыру мәселелерін көтеруге уәде берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға