Жаңалықтар

Назарбаев мектебінің пышақталған оқушысы есін жиды

Назарбаев мектебінің пышақталған оқушысы есін жиды
Фото: © Pixabay.com 27.05.2024 21:39 812

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы есін жиды. 18 жасар қызды кәмелет жасына толмаған жасөспірім бірнеше жерінен пышақтап кеткен болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылғанын айтты. Жағдайы тұрақты, есін біледі. 

Еске салсақ, біз бұған дейін оқушы қызды пышақтап кеткені туралы жаздық. Полиция адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша іс қозғап, күдіктіні ұстады. Күдіті жасөспірім екені белгілі, ол Назарбаев мектебінің шәкірті емес. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға