Жаңалықтар

Найзағай түскен әйел тіл тартпай кетті

Найзағай түскен әйел тіл тартпай кетті
Фото: © Pixabay.com 27.02.2024 13:07 1084

АҚШ-та тал астында тұрған әйел найзағай түсіп, мерт болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Click Orlando жазды. Флорида штатына қарасты Винтер-Спрингс қаласының тұрғыны Николь Тедеско мектептен екі баласын әкелуге шыққан. Найзағай түскен уақытта ол тал астында тұрған екен. Қасында он жастағы қызы мен иті болған. Әйел оқиға орнында көз жұмса, қызы мен жақын маңда тұрған тағы бір кісі ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға