Жаңалықтар

Найзағай, өрт қаупі: Жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды

Найзағай, өрт қаупі: Жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: El.kz 26.05.2023 22:50 585
27 мамырда еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болуы мүмкін.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 27 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға