Жаңалықтар

Найзағай, бұршақ, жел: 9 маусымға арналған ауа райы болжамы

Найзағай, бұршақ, жел: 9 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 09.06.2024 01:25 529

«Қазгидромет» РМК 9 маусым күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Жетісу облыстарында күн қатты ысиды, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Абай өңірінің батысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады деп күтіледі. 

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Атырау облысында, Түркістан облысының солтүстік, батыс, шөлейтті аудандар бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау өңірінің орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға