Жаңалықтар

Наурызнама: Астанада кітап көрмесі ашылды

Наурызнама: Астанада кітап көрмесі ашылды
Фото: Pixabay.com 17.03.2024 00:16 521

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, көрмеде Шығыс елдеріндегі Наурыз мерекесі, тарих және мәдени дәстүрлер туралы жарияланымдар ұсынылды.

Биыл Наурыз мейрамы елімізде жаңа бағытта атап өтіліп жатыр. Мерекелік іс-шаралар Көрісу күнімен басталды, оған біздің кітапхана қызметкерлері белсенді қатысты.15 наурызда көрме ашылды. Наурызнаманың онкүндігінде кітапханада тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, – деді Ұлттық академиялық кітапхананың ақпараттық мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Күләш Оразова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме келушілер үшін күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ашық және наурыз айының соңына дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға