Жаңалықтар

Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынайды

Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынайды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.03.2024 17:02 455

Елімізде 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына 398 қосымша вагон қосылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ наурыз мерекелеріне орай қосымша пойыздар қатынап, вагондар қосылатын хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:

«Астана - Алматы-1» бағыты бойынша №201/202 пойызы, 4 рейс;

«Астана – Шымкент» бағыты бойынша №203/204 пойызы, 3 рейс;

«Ақтөбе – Шымкент» бағыты бойынша №205/206 пойызы, 2 рейс.

Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға