Жаңалықтар

Наурыз мерекесі Софияда атап өтілді

Наурыз  мерекесі Софияда атап өтілді
Фото: .gov.kz 22.03.2023 19:52 951

Қазақстан Елшілігі София техникалық университетімен бірлесіп, Болгарияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, Қазақстанның достар клубы мүшелерінің, журналистердің, болгар жұртшылығының және қазақ диаспорасының қатысуымен Наурыз мерекесін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шарада София техникалық университетінің ректоры Иван Кралов сөз сөйлеп, Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. 

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Наурызды біздің бай рухани мұрамыздың, ұрпақтар арасындағы ажырамас байланыстың, жаңарудың және жаңа өмірге деген ұмтылыстың жарқын нышаны деп атады. Ол Наурыз бейбітшілік пен жақсылықты бейнелейтінін, қуаныш пен сүйіспеншілікке толы, терең философиялық мәні мен жалпыәлемдік мәдени маңызы бар, бірлік пен келісім, достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті. 

Іс-шара барысында Наурыз туралы деректі фильм көрсетілімі, қазақстандық студенттердің домбырамен өнер көрсетуі және гадулкадағы (қобызға ұқсас аспап) қазақ және болгар халық композицияларын орындау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, университетте көктемгі мерекеге арналған тақырыптық фотокөрме ашылды. 

Іс-шара қонақтары қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татып, қазақ дәстүрлерінің барлық сұлулығы мен байлығын бейнелейтін қызықты және алуан түрлі мәдени бағдарламаны тамашалай алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға