Жаңалықтар

Нариман Құрбанов Әлем кубогында топ жарды

Нариман Құрбанов Әлем кубогында топ жарды
Фото: olympic.kz/ ©Sabirov Sali 25.02.2024 09:10 481

Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Н.Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан 15.433 ұпай жинап, алтын медальға ие болды.

Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл айтулы бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға