Жаңалықтар

«Нанның бәрі қоқыста жатады»: Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды

«Нанның бәрі қоқыста жатады»: Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды
Фото: Видеодан кадр 25.04.2024 11:03 437

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ауылшаруашылығы өнімдері қымбаттаса ауылдың да жағдайы жақсарады.

Шынымды айтайын, нан өте арзан. Нанның құны 500 теңгеден кем болмауы тиіс. Мен өзім ауылшаруашылық тауарын өндірушімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр, – дейді Мейрамбек Дөненбаев.

Депутат мұндай бағаны халықтың қалтасы көтереді деп ойлайтынын да айтты,

Көтереді, әбден көтереді. Қазір кез келген тойханада, кез келген қоқыста тек нан жатады. Өзім нанды 110-120 теңгеден алып жүрмін, сүтті 300-350 теңгеге аламын, – дейді Мейрамбек Дөненбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға