Жаңалықтар

"Намазхан болсын, басқа болсын бір қазақпыз". Балғынбек Имаш Ринат Зайытовпен татуласты

"Намазхан болсын, басқа болсын бір қазақпыз". Балғынбек Имаш Ринат Зайытовпен татуласты
Фото: Әлеуметтік желі 22.09.2023 12:17 2011

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовпен арада болған әңгімені түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ассалаумағалейкум құрметті көрермен! Біз айтыста қарсыласымызбен айтысқан кезде бір отбасының өзі екіге жарылып, күйеуі бірімізді қодаса, әйелі бірімізді қолдап, сондай көрермен қақ жарылып жататын. Кешегі Ринатқа байланысты әңгімемізге де халық қақ жарылып жатыр. Көп азаматтар ымыраға шақырып жатыр, түсінбей жатыр. Бірақ Ринат екеуміз сол күні ақ телефонмен сөйлесіп, келісіп, ымыраға келген едік. Оған уайымдамаңыздар. Ел бір болсын, намазхан болсын, басқа болсын бір қазақпыз. Ел іші ажырап, ыдырап кетпесін. Ринатты қолдаңыздар, еш қарсылығым жоқ, - деді Балғынбек Имаш.

Айта кетейік, Балғынбек Имаш Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың Қазақстан мұсылмандары туралы өтірігі араздықты қоздырады деп, даулы мәлімдемесіне жауап берген еді.

Сондай-ақ айтыскер ақын Балғынбек Имаш БҰҰ-ның мінберінде Құранды өртегендерді айыптаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа  алғысын жеткізген. Заңгер Айгүл Орынбек Балғынбек Имашевтан жұрттың ақшасын қайтаруды талап етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға