Жаңалықтар

Нағима Есқалиева 70 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті

Нағима Есқалиева 70 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті
Фото: instagram.com/dias_ablayev 05.02.2024 10:05 8607

Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева 70 жасқа толып, өнер иесі мерейтойын отбасы мен достары, әріптестерінің ортасында атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншіні құттықтай келгендер арасында замандасы Роза Рымбаева да бар.

Роза Қуанышқызы Нағима Есқалиеваны 70 жасымен құттықтап, екеуінің тағдыры ұқсас екенін айтты.

Жолымды лауреаттықтан бастадым, сосын Нағима алды. Сонан соң Нағима ұлды болды, артынша мен де ұл тудым. Осылай өмірде екеуміз қатар келеміз, бірақ бізді салыстырудың қажеті жоқ. Нағиманың өз әні, өз стилі, өз репертуары бар, ал менікі бөлек. Нағима, біз қазақ эстрадасына аз да болсын үлес қостық деп айтуға құқымыз бар деп ойлаймын, - деді Рымбаева.

Есқалиева да әріптесін қолдап, Роза секілді әнші Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда жоқ екенін алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға