Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
20.08.2019 15:51 2280

17-18 тамызда елордалық Достық үйінде Башқұртстан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына арналған «Йыйын» дәстүрлі мерекесіне қатысты іс-шаралар өтті.

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Нақтырақ айтқанда, 17 тамызда елордалық Достық үйінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Акбузат» башқұрт этномәдени орталығы мен «Дүниежүзілік башқұрт құрылтайы» халықаралық қоғамдық бірлестіктер одағы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен өткізді.

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел жұмысы басталмас бұрын Башқұртстан мен Ресейден келген қонақтар үшін Достық үйі бойынша арнайы экскурсия жасалып, этномәдени бірлестіктердің қызметі мен мәдениетімен танысты. 

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, «Дүниежүзілік башқұрт құрылтайы» халықаралық қоғамдық бірлестіктер одағының мүшесі Хурматула Утяшев, «Башкортостан» газетінің әдебиет және мәдениет бөлімінің меңгерушісі Лариса Абдуллина, Барнауыл қаласындағы «Уралым» башқұрт мәдениеті клубының жетекшісі Тимур Аюпов, «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Урал Азнабаев және тағы да басқа қатысушылар 2017-2019 жылдар аралығындағы жұмыстар қорытындысын шығарып, болашақ жоспарларын талқылады.

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова кездесу барысында қонақтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен жүйесі жөнінде баяндады. Дүниежүзілік башқұрт құрылтайы президиумының мүшесі Хурматула Утяшев болашақта «Акбузат» БЭО-мен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Уфадан келген арнайы қонақ башқұрт ақыны, журналист Лариса Абдуллина башқұрттар мен қазақтардың рухани байланысын атап өтті. Ол өз кезегінде қатысушыларға арнап башқұрт тілінде жыр шумақтарын оқып берді.

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгінгі таңда Қазақстанда, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 16 мың башқұрт ұлтының өкілдері өмір сүреді.

Нұр-Сұлтанда Башқұрт автономиясының 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға