Жаңалықтар

Елордада балаларға арналған «Kids EXPO. Балалар әлемі» тауарларының жәрмеңкесі басталды

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын ерекше айтып өтті
Елордада балаларға арналған «Kids EXPO. Балалар әлемі» тауарларының жәрмеңкесі басталды
Фото: El.kz / Бауыржан Жуасбаев 17.08.2022 12:11 1678

Нұр-Сұлтан қаласында 17 тамыз күні сағат 12:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында балалар жылы аясында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңке 21 тамызға дейін өтеді,– деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Жәрмеңкенің бағыты: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімі, керек-жарақтар мен аксессуарлар.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

«Елордалық балалар тауарларына арналға «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алатын алаң. Мұнда бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады», – деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Жәрмеңке барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Сондай-ақ EXPO алаңында білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесерлері, оқыту әдістері, мектептер, сондай-ақ тренингтер мен мастер-кластар, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері өткізіледі.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын ерекше айтып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға