Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан полицейлері кезекті қылмыс жасағаны үшін сериялық ұрыны ұстады

Материалдық шығын 100 мың теңге көлемінде бағаланды
Нұр-Сұлтан полицейлері кезекті қылмыс жасағаны үшін сериялық ұрыны ұстады
Фото: gov.kz 23.07.2022 11:56 1808

 Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасағаны үшін «үйқамаққа» ұшыраған 36 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабаралайды El.kz.

Алайда, ол түзу жолға түспей, ескіге басып, қылмыстық әрекеттерін қайта бастаған.
Тергеу барысында күдіктінің сағат 18.30-да Бөгенбай батыр даңғылындағы сауда үйіне келгені анықталды. Ол бутиктердің біріне кіріп, сатушының басқа жаққа алданып тұрғанын пайдаланып, спорттық сөмкені ұрлаған. Сонымен қатар, оның ішіне 25 жұп жұмыс қолғаптарын салып алып, дүкеннен еш кедергісіз шығып кеткен. Материалдық шығын 100 мың теңге көлемінде бағаланды.
Күдіктіге қатысты осыған ұқсас 15 ұрлық бойынша айып тағылып, қазіргі уақытта ол бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, жұмыс орнын тіпті аз уақытқа да қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға