Жаңалықтар

Мысырда туристер мінген катер суға кетті

Мысырда туристер мінген катер суға кетті
Фото: tourprom.ru 26.04.2023 21:55 705

Мысырдың Хургада туристік қаласының маңында туристер мінген моторлы қайық суға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Катерде 26 турист болған, олардың арасында шетелдіктер де бар.

Cairo 24 басылымының хабарлауынша, туристік қайық Қызыл теңіздің солтүстігін аралауға шыққан. Апатқа катердің тесілуі және қатты жел себеп болған көрінеді.

Батып кеткен су көлігінің бортында 26 турист, 8 экипаж мүшесі және үш сүңгуір нұсқаушысы болған. Олардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.

Капитан апат туралы хабарды жеткізген бойда Жағалау күзеті көмекке келген. Адамдар эвакуацияланды. Дегенмен әртүрлі дәрежеде жарақат алған алты адам ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға