Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатындағы жетістіктің құпиясын айтты

Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатындағы жетістіктің құпиясын айтты
Фото: ҚР ҰОК 15.05.2023 16:00 2236

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатындағы жетістіктің сырын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бапкердің айтуынша, әуелі боксшылардың жылдық күнтізбесі дұрыс болуы керек және оқу-жаттығу жиындарының жиі өтуін қадағалаған маңызды.

Бұдан бөлек, ғылыми топ болған. Қазір соны қайтадан жандандырдық. Федерация басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Мәдениет және спорт министрлігі бәрін қолдап, үлкен жарыстарды және оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз етті. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» екенін көрдік, – дейді бапкер.

Сондай-ақ ол ынтымақтың арқасында үлкен жетістіктер болды деп есептейді.

Жігіттердің әлем чемпионатына ілінудің өзі де өте тартысты болды. Әрбір салмақ бойынша тек мықты деген боксшыларды таңдадық. Бұдан бөлек, оқу-жаттығу жиынына мән бердік. Арасында іріктеу болды.  Боксшыларды таңдау өте қиын болды, – дейді Мырзағали Айтжанов.

Ол ең жеңіл салмақта Санжар Тәшкенбайға таңдау қалай түскенін айтты.

Бұл, бір жағынан, тәуекел болды. Өзін рингте сенімді ұстайды, әлем чемпионы Данияр Елеусіновке ұқсастығы бар. Намысы бар және жеңілгенді жек көретін боксшының бірі. Сол себепті Санжарды таңдадық, - дейді бас бапкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға