Жаңалықтар

Мың бояулы Бурабай

Мың бояулы Бурабай
Фото: ©El.kz/Олжас СӘНДІБЕК © Ерлан ОМАРОВ 08.10.2023 14:04 518

ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне баспасөз сапары өтті.

Мың бояулы Бурабай

Сапар аясында БАҚ өкілдері ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай-Даму» ЖШС ұйымдастыруымен өтіп жатқан дәстүрлі «Бурабай тұқы-2023» турнирін тамашалады.

Мың бояулы Бурабай

Мың бояулы Бурабай

Бұл турнир бұрын еліміздің өзге өңірлерінде өтетін. Биыл Ақмола облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ереже бойынша, әр команда екі балықшыдан тұрады. Біздің жарысқа еліміздің көптеген облыстарынан 30 команда келді. Талап бойынша балықтың салмағы 1,5 кг болуы шарты. Егер балықтың салмағы 1,5 келіден көп немесе аз болса қайтадан көлге жіберіледі. Себебі үлкен балықтар көп жағдайа аналық болып келеді. Олар уылдырық шашатын болғандықтан аулауға тыйым салынған. Ал кішкентай балықтардың өсуіне мүмкіндік беру керек,  – деді «Бурабай-Даму» серіктестігінің туризм және маркетинг бөлімінің бас менеджері Олжас Данияров.

Мың бояулы Бурабай

Сондай-ақ, журналистер «Мирный» орман шаруашылығына барып, Ұлттық парк қызметкерлерінің жануарларға қысқы жемшөп дайындау барысымен танысты. Марал шаруашылығына да барды. Шаруашылықта 200 басқа жуық әсем жануар бар. Барлық бұғы-маралдарға үнемі ветеринарлық бақылау жасалады.

Мың бояулы Бурабай

Мың бояулы Бурабай

Инспекторлар аң-құстарға арналған фототұзақтардың қалай қойылатынын көрсетіп, оның маңызды рөлі туралы айтып берді.

Мың бояулы Бурабай

Фототұзақ арқылы жергілікті аң-құстардың санын, өсімін, қай жерлерде жиі кездесетінін, жалпы тыныс-тіршілігін зерттейміз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ағаш діңіне 1 метр биікке бекітеміз, сонда бұлан, марал сияқты ірі аңдар ғана емес, сілеусін, сусар сияқты шағын аңдар да кадрға ілінеді, – дейді ғалым.

Оның айтуынша, фототұзаққа кейде табиғат ережесін бұзған адамдар да түсіп қалады екен.

Мың бояулы Бурабай

Мың бояулы Бурабай

Мың бояулы Бурабай

Мың бояулы Бурабай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға