Жаңалықтар

"Мұндайда үнсіз қалуға болмайды". Жұлдыз Әбдукәрімова қазақстандықтарға үндеу жасады

"Мұндайда үнсіз қалуға болмайды".  Жұлдыз Әбдукәрімова қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 29.11.2023 18:30 1948

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі елімізде 25 бала жақындарының қолынан қаза тапқанын атап өтті.

Бала зорлағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылсын! Заңға дәл осындай өзгеріс енгізу ұсынылды. Биылғы жылдың өзінде елде 25 бала жақындарының зорлығынан қаза тапқан. Өзіңіз ойлаңызшы ағасы, көршісі, әкесі… Балаға ең жақындары қауіпті болған. Бұл не сұмдық дерсіз?! Заман ақыр орнаған ба дерсіз?! Бірақ жылды осындай шындық, сұмдық статистикамен қорытындылап отырмыз. Кеше ғана елдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл бастаған топ өкіметке “Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа арнайы бап енгізуді ұсынды. Яғни әкімшілік жауапкершілікті қылмыстық жазаға ауыстыру керек”- деді, - деп жазды ол.

Актриса ана ретінде бұл заңды қолдайтынын айтып, тез арада күшіне енетініне сенім білдірді.

Мұндай жағдайда үнсіз қалуға болмайды. Әр қайсыңыздың пікіріңіз маңызды. Заң тезірек қабылдануы үшін белсенділік танытыңыз, - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Балалар қауіпсіздігі туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы айтып берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға