Жаңалықтар

Мұндай жеңіс күнде бола бермейді - Абат Айымбетов

Мұндай жеңіс күнде бола бермейді - Абат Айымбетов
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 27.03.2023 20:04 893

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің H тобында 3 ұпаймен төртінші орында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің екінші турындағы ойында өз алаңында Данияны 3:2 есебімен жеңді. Шешуші соққы жасаған Абат Айымбетов тарихи сәттегі эмоциясымен бөлісті.

Мұндай жеңіс күнде бола бермейді. Ешқашан үміт үзбей сену керек. Дәл солай сеніп артып қолдауға келген жанкүйерлерімізге алғысымыз шексіз. Бірінші тайм ойдағыдай болмағанымен, екіншісінде бәрін өзіміздің қолға алдық. Алдағы ойындарда осылай сәтті өтеді деп үміттенеміз”, - деді ол.


Құрама Матчтың екінші бөлігінде алғашқы голды соқты. 73-минутта ЦСКА жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов пенальтиден Магомед Адиев шәкірттерінің артта қалуын қысқартты. 86-да Асхат Тағыберген таразы басын теңестірсе, үш минуттан кейін Абат Айымбетов Еуро-2024 іріктеуінде команда үшін жеңіс голын соқты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға