Жаңалықтар

«Мұндай әйелім болғанын қаламаймын»: Назым Қызайбай көшеде ер адамды соққысымен шошытты

«Мұндай әйелім болғанын қаламаймын»: Назым Қызайбай көшеде ер адамды соққысымен шошытты
Фото: instagram.com/nazym_kyzaibay09 16.04.2024 13:16 3590

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Алматының ер адамдарын күшімен таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарапайым киініп алып қала көшелерінің біріндегі Силомер аппаратының қасына келген Назым күшін сынап көргісі келетінін жеткізді. Сол жерде тұрған орта жастағы ер адам жас қызға соққыны қалай жасау керектігін үйретіп, бірер кеңесін айтты. Ол алдында әлемнің екі дүркін чемпионы тұрғанын сезбесе де керек. 

Бойжеткен бір соққыдан-ақ 1168 ұпай жинағанда, ер адам таңданысын жасыра алмай: «Мұндай әйелім болғанын қаламаймын», - деді.

Назым Қызайбай Астанада өткен спаррингтік кездесуде Алуа Балқыбекованы жеңіп, лицензиялық жарысқа қатысуға мүмкіндік алған. Енді ол мамырда Париж жолдамасы сарапқа салынатын турнирде бақ сынайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от NAZYM KYZAIBAY 🌙 (@nazym_kyzaibay09)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға