Жаңалықтар

Мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуы тиіс - Тоқаев

Мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуы тиіс - Тоқаев
Фото: GOV.KZ 01.09.2023 11:58 925

Президент Қазақстан халқына жолдауында өңірлерді газбен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал оның  ресурстық базасын кеңейтуді Үкімет пен ұлттық компанияларға тапсырылды. Мемлекет басшысы осы орайда газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету керек деп отыр.

Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет, - деді ол.

Бұдан бөлек газдың қолжетімді бағамен сатылуы да сөз болды. Компанияларға тиісті тапсырма да берілді. Дегенмен электр қуаты, жылу және суды үнемді пайдалануды да ұмытпаған жөн.

Еліміздегі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс. Сонымен қатар жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды. Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет, - деді Тоқаев.

Яғни бүгіндей заманда суды үнемді пайдалану өте маңызды. Сол үшін үкімет энергетикалық тиімділік саясатын қайта қарауды тапсырды.

Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауы тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек, - деді президент.

Ал оны үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптар енгізілмек. Тиісінше энергияны тұтыну көлемі азаюы қажет.

Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға