Жаңалықтар

Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды

Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды
Фото: kfb.kz 15.02.2024 11:30 4226

Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал былғары қолғап шебері Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері (2000).

Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға