видеодан алынған кадр

Мұхтар Мағауиннің ұлы өмірден өтті

24.06.2025 14:40 1283

Қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті,  деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мағжан Мағауин өмір бойы Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз.

Мұхтар Мағауин – тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Биыл 10 қаңтарда, 84 жасында өмірден өткен еді. Жаназасы Мэриленд штатында өтті.