Жаңалықтар

Мұғалімдерді оқушылар мен ата-аналардан қорғайтын заң қабылданды

Мұғалімдерді оқушылар мен ата-аналардан қорғайтын заң қабылданды
Фото: theguardian.com 06.10.2023 11:00 1985

Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді қорғайтын заң қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Тоғыз аптаға созылған наразылықтардан кейін Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы «Мұғалімдердің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын» қабылдады. Аталмыш заң білім беру қызметкерлерінің еңбегін қорғайды және оларды оқушылар мен ата-аналар тарапынан болатын психологиялық зорлық-зомбылықтан сақтайды.

Заң жобасының мәтінінде бұдан былай мұғалімдер балаларға қатысты қатыгездік туралы хабарламалар келіп түскен кезде лауазымдардан шеттетілмейтіні көрсетілген — енді бұл үшін тиісті дәлелдер қажет болады. Мәселен, оқушыларға дәлелді себептермен қолданылған тәртіптік жазалар үшін мұғалімдер бұдан былай жауапкершілікке тартылмайды.

Сонымен қатар, заң мемлекетті мұғалімдерге қатыгездік туралы айыптауларға шағымданғаны үшін сот шығындарын өтеуге міндеттейді, сонымен қатар оларды мектеп басшылығының қорғайтынына кепілдік береді.

Жаңа заңның тиімділігі оның орындалуына және ережелердің одан әрі пысықталуына тиісті бақылау болған жағдайда ғана толық іске асырылатыны атап өтілді. Корей мұғалімдері мен білім беру одағы заң жобасын «қоғамдық білім беруді қалыпқа келтіру және мұғалімдердің беделін арттыру жолындағы алғашқы қадам» деп сипаттады.

Кәсіподақ апта сайын көшеге шығып, биліктің бұл заң жобасын қабылдауына ықпал еткен 30 мыңнан астам білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне де алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға