Жаңалықтар

Мұғалімдерден шағым қабылдайтын «Педагогті қорғау» чаты іске қосылады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
Мұғалімдерден шағым қабылдайтын «Педагогті қорғау» чаты іске қосылады
Фото: kz.testing.kz 08.11.2022 13:06 1692

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерден шағым қабылдайтын«Педагогті қорғау» телеграм чатын іске қосады. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов ведомствоның аппарат кеңесінде айтты, деп хабарлайды El.kz

«Әр педагогтің құқығын қорғау мақсатында арыз-шағымдарды қабылдайтын қосымша «Педагогті қорғау» телеграм чаты өз жұмысын бастайды. Чатқа келген ақпарат, комитеттің және аумақтық департаменттердің тікелей бақылауында болады. Осы мәселе бойынша өңірлердегі жағдайға объективті бағалау мақсатында мұғалімдер арасында арнайы анонимді электронды сауалнама жүргізіледі. Сауалнама сілтемесі телеграм чатта жарияланады»,- Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
 
Сондай-ақ, қазақстандық оқушылар мен ата-аналар мектеп әжетханалары, жуынатын бөлмелердегі проблемалар және асханасындағы бұзушылықтар туралы Оқу-ағарту министрлігіне хабарлай алады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға