Муай-тай: Альбина Жуминова Азия ойындарында топ жарды

 ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Альбина Жуминова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спортшы 51 келіге дейінгі (16-17 жас) салмақ дәрежесінде сенімді түрде жеңіске жетті.

Шешуші жекпе-жекте Жуминова Камбоджа өкілі Срейпен Омды 30:27 есебімен ұтты.

Оқи отырыңыз