Мөлдір Әуелбекова: Бұл дүниеде жалаңаш дененің абыройы орамал мен шын таланттан биік

 instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова орамал тағып жүретіндіктен де ұйымдастырушылар өзін концерттерге көп шақыра бермейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.

Оқи отырыңыз:

Мені орамалмен көп концертке қатыстырмайды. Бұл дүниеде жалаңаш дененің абыройы орамал мен шын таланттан биік. Есесіне ең сапалы музыканттар мені қалдырмайды. Ұйымдастырушылар менің сахнамды алғанымен, халқымның махаббатын ала алмайды, - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Бұған дейін «КешYOU» тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова не себепті орамал тағып, намазға жығылғанын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз