Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзоваға видео арнады

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзоваға видео арнады
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova 26.01.2024 14:01 1547

SuperStar KZ реалити-шоуының қатысушысы әрі финалісі Мөлдір Әуелбекова танымал продюсер, актриса Баян Алагөзоваға арналған видеролигін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл видео продюсердің туған күніне арналған сый екенін алға тартып, Меккеде болуына байланысты аздап кешігіп жарық көргенін айтты.

Баян апайдың туған күніне түсіріп үлгермедім. Себебі Меккеде құлшылықта болдым. «Ештен кеш жақсы» демекші, туған күніңізге арнау болсын!

Биыл үлкен сахнаға аяқ басқаныма 20 жыл! Соның 6 жылы, Баян Мақсатқызы, Бағым Мұхитденова, сіздермен өтті. Бәріне рахмет, - деп жазба қалдырды Әуелбекова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әдемі қыз!🌟 (@moldir.auyelbekova)

Мөлдір Әуелбекованы көпшілік алғаш рет 2005 жылғы SuperStar KZ байқауының қатысушы ретінде таныды. Араға бір жыл салып ол Баян Алагөзова продюсерлік жасаған КешYou тобының мүшесі атанды. Кейіннен әнші топтан кетіп, сахнаға жеке орындаушы ретінде шығып жүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға