Жаңалықтар

«Міржақып. Оян, қазақ!»: Сценарийді оқып, өксіп жыладым – актер

«Міржақып. Оян, қазақ!»: Сценарийді оқып, өксіп жыладым – актер
Фото: Qazaqstan.tv 13.11.2023 13:09 1035

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев алғаш рет фильмнің сценарийін оқыған кезде өксіп жылап, тоқтай алмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мені де оятқан осы кино болды. Сценарийді оқығанда өксіп жылап, тоқтай алмадым. Жерді төпелеп ұрдым. Сол кезде «Мен халқыма не істедім? Қандай пайдамды тигіздім?» деген сұрақ келді. Ахаңдардың, Жахаңдардың еңбегін білмейді екенмін ғой. Кім үшін күресіп кеткенін, не істеп кеткенін қалай білмедім деп өзімді жеп қойдым. Осыны білмеген қандай топас, опасыз едім деп қатты әсерлендім. Осы уақытқа дейін «Бізге неге бермейді? Неге бізге өйтпейді» деп көп айтамыз ғой. Мен сол сәттен бастап «Мен елім үшін не істедім?» деген сауалды қоятын болдым, - деді актер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға