Жаңалықтар

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзарды

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзарды
Фото: t.me/qazaqstantv 06.10.2023 15:00 1047

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілді.

Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді.

Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді.

Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмін  прокаттан алып тастау себебін түсіндірген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға