Жаңалықтар

Министрлік Шымкенттегі интернеттің сапасын тексерді

Министрлік Шымкенттегі интернеттің сапасын тексерді
Фото: gov.kz 08.12.2023 01:32 516

Байланыс сапасын бақылау министрлік қызметінің маңызды бағыттарының бірі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байланыс сапасының аса маңызды кезеңі ковид кезінде болды. Көптеген процестер: білім беруден бастап денсаулық сақтауға дейін онлайнға көшірілді.

Бүгінгі күні шағымдар e-otinish платформасы арқылы қабылданады. Министрліктің бастамасымен жоспардан тыс тексерулер де жүргізіледі. Байланыс сапасын арттыру мәселелерін шешу үшін Министрлік байланыс операторларына ықпал етудің барлық қолда бар тетіктерін пайдаланады.

Осылайша, байланыс операторларына бақылауды күшейту үшін Министрлік байланыс сапасының сандық көрсеткіштерін белгілеу бөлігінде байланыс операторларына қойылатын талаптарды әзірледі және бекітті. 2022 жылы мемлекет басшысы сапа төмен байланыс қызметтерін көрсеткені үшін айыппұл мөлшерін (100-ден 1000 АЕК-ке және 200-ден 15 000 АЕК-ке дейін) арттыруды қарастыратын заңға қол қойды. 2023 жылдың басынан бері Шымкент қаласының ұялы байланыс операторларына 134 млн теңге айыппұл салынды.

Бұдан басқа, ведомстволық «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» осы жылдың қараша айында Шымкент қаласында байланыс сапасы картасын жасау жұмыстарын аяқтады. Әр операторда байланыс сапасы төмен жерлер анықталды. Шымкент қаласының Асар 2 ықшамауданындағы (арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанындағы) ұялы байланыс сапасын өлшеу кезінде тұрғындардың арыз-шағымдары расталды. Операторлар мәселені нұсқауға сәйкес шешуі керек.

«Асар 1» ықшамауданында байқаған 5-ші буын желілерін енгізудің оң әсерін атап өту керек. Жаңа 5G станцияларының іске қосылуы 3/ 4G желілеріндегі жүктемені азайту арқылы қаладағы байланыс сапасының деңгейін жақсартады. Бұны осы аймақтағы өлшемдерге қарап айтуға болады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 116 5G базалық станциясы орнатылды2024 жылы – 188 базалық станция және 2025 жылы – 188 базалық станцияларды орнату жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға