Жаңалықтар

Министрлік Сарайшық ескерткішін су басу қаупі бар деген ақпаратқа пікір білдірді

Министрлік Сарайшық ескерткішін су басу қаупі бар деген ақпаратқа пікір білдірді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 06.04.2024 23:00 309

Атырау облысындағы су тасқынына байланысты Сарайшық ескерткішінің су астында қалу қаупі бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство пікірінше, тарихи ескерткішке зиян келген жоқ.

Атырау облысының аумағында орналасқан Сарайшық ескерткішіне қатысты мынаны хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің су деңгейі қалыпты. Сол себепті өзен жағасында орналасқан Сарайшық қалашығына еш залал келген жоқ,- делінген министрлік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға