Жаңалықтар

Министрлік оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаулы

Келешекте білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесімен толықтау жабдықталады
Министрлік оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаулы
Фото: zhaikpress.kz 05.11.2022 06:19 967

ҚР Оқу-ағарту министрлігі елдегі мектептердің қауіпсіздігіне алаңдаулы, деп хабарлайды El.kz.

Еліміздің 24 қаласында 1351 орта білім беретін мекеме бар.

Бүгінгі таңда бейнебақылау жүйесімен білім беру мекемелерін 100%  жабдықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда техникалық стандарттар мен талаптарды сақтау тұрғысында түйіні шешілмеген мәселелер жетерлік.

Жуырда Ижевск қаласындағы мектепте жаға ұстатарлық жайт орын алды. Өкінішке қарай, балалар да зардап шекті, қайтыс болғандардың арасында ересектер де бар. Тағы да қайталап айтамын, бұл біз үшін сабақ болуы тиіс. Бұл алыста, бізге қатысы жоқ жерде орын алды деп ойламауымыз керек. Керісінше, бұдан сабақ алып, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіспіз. Бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселесіне келер болсақ, камерамен 100% қамтамасыз еткеннің өзінде, олардың сапасына, деректерді сақтау, жедел басқару орталықтарының жүйесіне қосылуға келгенде, 82%-ы ғана нормаларға сәйкесетіндігін көреміз. Бұл мәселені соңына дейін толықтай шешу керек, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Айта кетерлігі, 300-ден артық оқушысы бар 2605 орта білім беретін ұйымдардағы бейнебақылау жүйесі ЖБО-на қосылған. Осылайша, төменгі көрсеткіш Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында байқалып отыр.

Биыл 30 наурызда білім беру нысандарының терроризмге қарсы күресін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық бекітілгені белгілі. Нұсқаулыққа сәйкес, лицензияланған күзет ұйымдарымен 3 жыл мерзімге келісімшарт жасасу талаптары қарастырылған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, 24 ірі қалада 1351 орта білім беретін мекеме бар. Олардың 1117-сі немесе жалпы санының 83%-ы күзет ұйымдарымен келісімшартқа отырған. Ал төмен көрсеткіштер Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалды. 1351 мектептің 1117-інде немесе мектептердің 97%-да дабыл тетіктері орнатылған. Төмен көрсеткіштер Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Күзет агенттіктерімен келісімшарт жасасуға келетін болсақ, біз бірнеше проблемалық мәселелердің бар екендігін анықтадық. Соларыдң бірі – жиі ауысатындығы. Күн сайын мектептердің құрылымын, балалардың мінез-құлқы мен мектептің тәртібін білмей жатып, қызметкерлер күн сайын ауысатын жағдайда бұл біздің білім беру ұйымдарының жұмысына оң әсер етпейтіні айқын. Екінші маңызды мәселе – күзет қауіпсіздігінің тиісті деңгейіне байланысты. Вахтерлердің орнына құқық қорғау қызметкерлерінің барлық талаптары мен құжаттамаларына жауап беретін мамандар келгені абзал. Бірақ бүгінгі таңда кейбір фактілерден ешқандай өзгерістің жоғын аңғару қиын емес. Тағы бір мәселе, біз әртүрлі сипаттағы күтпеген жағдайларға дайын болуымыз керек. Сондықтан ІІМ және ТЖМ бірігіп мұндай жағдайлар кезінде әрекет етудің алгоритмін жаңартып, сәйкес оқытулар жүргізу қажет, - деді Асхат Аймағамбетов. 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 23.1-бабының 2-тармағына сәйкес ІІМ осал аумақтағы білім беру ұйымдарындағы нысандарға 1185 тексеріс жүргізді. Оқу-ағарту министрлігінің ТЖМ және ІІМ ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірлескен бұйрығы бойынша білім беру басқармасымен бірлесіп ТЖ орын алған жағдай кезіндегі қауіпсіздік машықтарын қалыптастыру бойынша оқушылар мен мұғалімдерге арналған сабақтар өткізу жоспарланған. 

Биыл 7 ай ішінде іс-шаралармен 12800-ден астам білім беру мекемелері қамтылған. Оған 850 мыңнан астам адам қатысты. Халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайдан балаларды қорғау тетіктерін әзірлеу мақсатында 7 ай ішінде ТЖМ аумақтық бөлімшелері 833 мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 7301 білім беру нысанында оқыту мен жаттығу өткізді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға