Жаңалықтар

Министрлік биыл қанша сарбазды әскерге шақыратынын айтты

Министрлік биыл қанша сарбазды әскерге шақыратынын айтты
Фото: gov.kz 10.01.2024 09:00 548

Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру, – делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген. Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Ал 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға